1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Талғарда екі бала көлік ішінде өртеніп кетті

  • 1
© Vistanews.ru © Vistanews.ru

Талғарда екі бала көлік ішінде өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 13 маусым күні жекеменшік үйлердің бірінің ауласында болған. Көлік ішінде 3 жасар екі бала болыпты.

"Балалар Volkswagen Golf көлігінің салонында өртеніп кетті. Автомобильде өрттің не себепті шыққаны әзірше анықталған жоқ. Талғар аудандық ІІБ өкілдері осы дерекке сәйкес тергеу жүргізіп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалады", - деді облыстық ІІД өкілдері.