Талғарда колледж студенттері пышақтасты

28 Қараша 2017, 16:14
0
Талғарда колледж студенттері пышақтасты -

Талғарда колледж студенттері төбелесіп, пышақтасуға дейін барған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

27 қарашада пышақ жарақатын алған жергілікті заң колледжінің 17 жастағы студенті Талғар ауруханасына түсті. Өзімен жасты адамдармен төбелескен жігіт пышақ жарақатын алғаны белгілі болды. 

Жедел тергеу шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады, ол талғарлық Агробизнес және менеджмент колледжінің кәмелет жасына толмаған студенті екен. 

"Күдікті бірнеше сағат өткеннен соң ұсталды және Талғар АІІБ-ге жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі аудандық полицияның тергеушілеріне жүктелген. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді", - деді ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Ұсталған студенттен пышақ тәркіленді. Қылмыс қаруы дәйек ретінде іс материалдарына қосылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай