02 мамыр 2018 18:04

Танысқан қыздарды дәрімен ұйықтатып, заттарын ұрлаумен айналысқан ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © Fashion Lab Иллюстрациялық сурет © Fashion Lab

Алматыда интернет арқылы қыздармен танысып, оларға ұйықтатаын дәрі сеуіп, артынша тонап отырған ер адамға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда интернет арқылы қыздармен танысып, оларға ұйықтатаын дәрі сеуіп, артынша тонап отырған ер адамға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот жыбық тәртіпте өтті. 

"Сот үкімімен Ю. есімді азамат ҚР ҚК-нің 192-бабының 3-тарауының 2-тармағы, 121-бабыынң 1-тарауы бойынша кінәлі деп танылып, оған алғашқы бап бойынша сегіз жыл, екінші бап бойынша төрт жыл кесілді. ҚР 58-бабының 1-тарауы бойынша жеңілдеу жаза қатаң жазаға кірігіп кететіндіктен сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын барынша қауіпсіз тәртіптегі қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді", - деп хабарлайды Әуезов ауданы сотының баспасөз қызметі. 

Арыз берушілердің шағымдары толық қанағаттандырылды. Үкім жарияланған уақыттан 15 күннен кейін заңды күшіне енеді. 

Мұның алдында Алматы ІІД-нің өкілдері 37 жастағы Өзбекстан азаматы бұрын да ұқсас қылмыс үшін істі болғанын мәлімдеген еді. 

Полицейлердің мәліметі бойынша, ол танысу сайттары арқылы қыздармен жазысып, жалдамалы пәтерде кездесіп отырған. Сол уақыттарда байқатпай ұйықтататын дәрі сеуіп, заттарын иемденіп жүрген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети