20 қараша 2019 09:00

Таразда 7-сынып оқушысын зорлаған азғынға қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр. © ktk.kz Видеодан алынған кадр. © ktk.kz

Таразда 7-сынып оқушысын зорлаған азғынға қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Таразда 7-сынып оқушысын зорлаған азғынға қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Азғындық жасады деп айыпталған ер адам 36 жаста. Оның 19 жыл бұрын ұрлық емес, зорлық үшін істі болғаны анықталды.

"Аталған күдікті 17 жасында зорлау қылмысымен сотты болған. Төрт жыл мерзімін абақтыда өтеп, бір жыл шартты түрде өтеген", - деді Жамбыл облыстық ПД басшысы Арман Оразалиев.

Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, Таразда педагогтарды қызметтен шеттету әлі жалғасып жатыр. Ал жәбірленуші қыз бұдан былай мектепке келмеуі мүмкін. Себебі ол психологиялық қысымға ұшырауы мүмкін. 

Еске салайық, өткен жұмада Таразда азғынның 7-сынып оқушысын сабақ кезінде зорлағаны хабарланған болатын. Бұл жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен дейді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети