09 маусым 2016 16:16

Таразда 9 жастағы бала лагерь маңындағы бассейнде суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vladtime.ru © vladtime.ru

Таразда 9 жастағы бала мектеп лагерінің бассейнінде суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы оқиғаның мән-жайын №45 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының директоры Айша Ниязбекова айтып берді.


Таразда 9 жастағы бала мектеп лагерінің бассейнінде суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы оқиғаның мән-жайын №45 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының директоры Айша Ниязбекова айтып берді.

Оның айтуынша, бала расында да осы мектептің оқушысы болған, алайда ол лагерьге жазылмапты. "Ол біздің мектептегі мұғалімнің баласы. Бала бізде оқиды, бірақ анасы баласын тізімге тіркемей, лагерьге өзімен бірге алып барған, яғни ол лагерьге баратын балалардың тізімінде болмады (...) Лагерьде үш бассейн бар: біреуі кішкентай балаларға арналған, оның тереңдігі 90 сантиметр ғана екен, қалған екі бассейннің тереңдіктері орташа және үлкендерге арналғаны терең. Бала басқа балалармен бір топта болмағандықтан, анасы баласына өзі қарап жүрген. Дегенмен бала кішкентай балаларға арналған бассейнде суға батып кетеді, ал ол бассейннің тереңдігі бір метрге де жетпейді екен. Медбике баланы байқап, содан құтқарушылар жүгіріп келген. Баланы судан шығарып, ауруханаға жеткізді. Ол барар жолда тірі болған еді, бірақ ауруханаға жеткенде көз жұмды. Анасының бізге еш наразылығы жоқ", - деді Ниязбекова.  

Бала сол күні жерленді. Сонымен қатар, Тараз қалалық білім бөліміндегілер бұл жағдайдың қалай болғанын түсіндіріп берді. "Көпбалалы немесе жағдайы жоқ отбасылардан шыққан балаларға арналған арнайы сауықтыру бағдарламалары бар. Мұғалім баласын өзі ертіп, оған өзі қарап жүрді. Бала тереңдігі 90 сантиметр кішкентай бассейндегі суға батып кетті. Ол үшінші сыныпта оқыған еді. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр, тексерістің қорытындысына сәйкес мектеп қызметкерлеріне кінә тағылады. №45 классикалық мектеп-гимназиясы қаладағы ең үздік он мектептің қатарына кіреді", - деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Гүлзия Зәуірбекова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети