20 қараша 2015 23:16

Таразда баласына зәбір көрсеткен әйелдің оқиғасы күтпеген жалғасын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Таразда әйелдің баласына зәбір көрсетуі туралы оқиға күтпеген жалғасын тапты. Баласының ауруханаға апару жайлы өтінішіне былапыт сөзбен жауап бергені бейнеленген видео тергеуге себеп болды. Алайда бұл жағдайда жазаға баланың анасы емес, отбасындағы оқиғаны видеоға түсірген дәрігер тартылатын болды, - деп хабарлайды "31 арна".


Таразда әйелдің баласына зәбір көрсетуі туралы оқиға күтпеген жалғасын тапты. Баласының ауруханаға апару жайлы өтінішіне былапыт сөзбен жауап бергені бейнеленген видео тергеуге себеп болды. Алайда бұл жағдайда жазаға баланың анасы емес, отбасындағы оқиғаны видеоға түсірген дәрігер тартылатын болды, - деп хабарлайды "31 арна".

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, видеоның Желіде жариялануы дерегі үшін фельдшер жұмысынан айырылуы мүмкін. Мұнда мәселе дәрігерлер этикасына қатысты болып отыр. "Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Үйде ата-анасы мен баланың өзі болған. Дәрігерлер баланың қолының шығып кеткенін анықтады, балаға ем жасалуы тиіс болған", - деп хабарлады Тараздағы жедел медициналық жәрдем станциясының басшысының міндетін атқарушы Гүлзахира Қызғараева. 

Оның айтуынша, баланы ата-анасы қайтар жолға ақшаның жоқтығын айтып, ауруханаға жеткізгісі келмеді. Сондықтан олар ем алудан бас тарту туралы жазбаша түрде түсінік жазып берді. Бірақ бірнеше сағаттан кейін бригада тағы қайтып келген. Бірақ видеоның қашан түсірілгенін жетекші айта алмады. 

Ескерту, видеода былапыт сөз айтылады.

Еске салайық, Tengrinews.kz порталының редакциясына WhatsApp мессенджері арқылы видеожазба жіберілді. Видеоны жіберушінің айтуынша, бейнежазба Тараздағы пәтерлердің бірінде түсірілген. Онда тоғыз-он жастағы баланың анасынан өзімен бірге ауруханаға баруын жылап тұрып сұрап жатқанын көруге болады. Оның сол қолына бірдеңе болғаны анық. Ал әйел өзіне ие бола алмай, баласына айғайлап, жұдырық көрсетіп жатыр. Бұл оқиға бес жас шамасындағы қыз баланың көзінше болды. Ол болған жағдайға еш әрекет танытпады. Бөлмеде ер адам да болды, ол баланы Ілияс деп атап шақырды. Видеодан кереуетте жатқан тағы бір адамды байқауға болады.

Видеоны Жамбыл облыстық ІІД тексерді. ІІД баспасөз қызметі видеоны биыл 15 қарашада жедел жәрдем қызметкерлері түсіргенін хабарлады. Дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Полиция бейнежазба түсірілгеннен кейін балаға медициналық көмек көрсетілгенін мәлімдеді. Баланың кереуеттен секірген кезде қолын сындырып алғаны белгілі болды. Бейнежазбамен Жамбыл облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы ювенал полиция бөлімшесі қызметкерлерінің де танысқаны анықталды.

"Он жастағы баланың анасымен әңгімелескеннен кейін ол Жамбыл облыстық наркодиспансерде тексерілді. Дегенмен сараптама оның мас емес екенін анықтады. Сондықтан да оның кәмелеттік жасқа толмаған балаларын бейімдеу орталығына жіберу мүмкін болмады. Балалар анасына қайтарылды. Азаматтарды нашар отбасылардың тізіміне тіркеу үшін материалдар жинақталды. Бұған дейін отбасы тізімде тұрмаған", - деп жазылған Жамбыл облысы ІІД жауабында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети