17 ақпан 2017 13:57

Таразда жолдан өтпек болған қызды көлік қағып кеткен сәт видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Таразда жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Instagram желісіне видеоны жүктеген авторлардың айтуынша, оқиға 15 ақпанда Жамбыл даңғылы мен Ниетқалиев көшесінің қиылысында болған.  


Таразда жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Instagram желісіне видеоны жүктеген авторлардың айтуынша, оқиға 15 ақпанда Жамбыл даңғылы мен Ниетқалиев көшесінің қиылысында болған.  

"Жамбыл медициналық колледжі" директорының орынбасары Ләззат Қуанышбекованың айтуынша, оқиға салдарынан Роза есімді студент қыз зардап шеккен. "Онда бағдаршам бар. Бірақ тура сол кезде ол істемей тұрды. Полиция қаққан адамды іздестіріп жатыр. Бағдаршам істеп тұрғанда, сол жердегі бейнебақылау камералары да істейтін еді, соның нәтижесінде көліктің нөмірін білуге болатын еді. Видеоны сол жерде жүрген қарапайым адамдар түсіріп алған", - деді Қуанышбекова. 

Оның айтуынша, қызды қаққан қара түсті көлік сол жерде тоқтаған. "Көмек көрсеткісі келген. Алайда қыз орнынан тұрып, колледжге өзі келген. Медициналық пунктке келіп қаралған, оған көмек көрсетілген. Оның мойны қызарып кеткен болатын. Оның жарасын таңып, жедел жәрдем шақырылды. Олар қарап шығып, алдын ала еш жерінің сынбағанын, тек соққы алғанын және денесі сырылғанын айтты. Ішкі ағзасы жараланған болуы мүмкін деп ауруханаға алып кетті. Содан кейін оны ағасы қайтадан сабаққа алып келді. Біз дәрігерлердің не айтқанын білмейміз, мүмкін ата-анасына айтқан болар", - деді ол. Оның айтуынша, оқиғаны полиция зерттеп жатыр. 

Қуанышбекованың айтуынша, зардап шеккен қызды денсаулығының дұрыстығын ескеріп, ауруханаға жатқызбаған, қазіргі уақытта ол сабағына қатысып жүр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети