01 маусым 2017 14:04

Таразда ірі жол апатынан 24 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Таразда жол-көлік оқиғасының салдарынан 24 адам ауруханаға жеткізілді. Бүгін шамамен сағат 10:00-де жолаушылар көлігі мен КамАЗ соғысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Таразда жол-көлік оқиғасының салдарынан 24 адам ауруханаға жеткізілді. Бүгін шамамен сағат 10:00-де жолаушылар көлігі мен КамАЗ соғысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар автобусы басты көшемен, ал КамАЗ қосалқы көшемен келе жатқан. Таяуда болған боранның салдарынан бағдаршам істемей тұрған, сол себепті екі көлік жолдардың қиылысында соғысқан. Жол-көлік оқиғасынан 24 адам зардап шекті.

"Жол апатынан кейін жедел жәрдем көлігімен барлығы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің саны 24 адам. Оның 14-і травматологиялық пункт арқылы, қалған 10-ы қабылдау бөлімі арқылы көмек алды. Төрт адам ауруханаға жатқызылды, олардың ішінде 18 жастағы қызға ота жасалды. Біреуінің иығы сынған, қалған екі адам хирургия бөліміне жатқызылды. Барлық науқастың жағдайы тұрақты", - деді № 1 қалалық аурухана басшысының бірінші орынбасары Сәкен Жұмашев.

Полициядағылар жол апаты дерегіне қатысты әзірше мәлімдеме жасаған жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети