02 желтоқсан 2019 12:53

Таразда супермаркет өртеніп кетті

© ІІМ ТЖК баспасөз қызметі © ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Тараз қаласында Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан "Эврика" супермаркеті өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.


Тараз қаласында Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан "Эврика" супермаркеті өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, 2 желтоқсанда сағат 01:01-де екіқабатты "Эврика" супермаркетінен өрт шыққаны жайлы хабар келген. 

"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін екінші қабаттағы ағаш төбенің өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт 03:31-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады", - дейді Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Өртті сөндіруге барлығы 84 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері нысанды қоршауға алған. 


© ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети