20 қараша 2017 22:38

Таразда 10 жасар бала өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда 10 жасар бала өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Таразда 10 жасар бала өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, баланың жоғалғаны туралы ата-анасы хабар берген. Арызда 2007 жылғы баласының 18 қарашада кешкі уақытта үйден кетіп қалып, қайтып оралмағаны айтылған. Осы дерек бойынша полиция тергеу бастап, іздестірді. Келесі күні қалалық ІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында баланың жансыз денесін тапқан. 

Тергеу шараларының барысында баламен сол күні бірге болған 14 жастағы жасөспірімнің аты-жөні анықталған. Күдікті сол күні шын мәнінде марқұммен бірге болғанын және желім иіскегендерін айтқан. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта күдікті ата-анасының қарауына жіберілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети