15 наурыз 2019 16:51

Тараздағы көпқабатты үйдегі жарылыс: Тағы бір адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда көпқабатты үйдегі жарылыстан жапа шеккен бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты облыстың денсаулық сақтау басқармасы растады.


Таразда көпқабатты үйдегі жарылыстан жапа шеккен бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты облыстың денсаулық сақтау басқармасы растады.

Көз жұмған - Тараздың 64 жастағы тұрғыны. Ол 27 ақпанда көпқабатты үйдегі жарылыстан соң ауруханаға жеткізілген еді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол газ-ауа қоспасының жалынынан күйіп қалған.

"Жансақтау бөлімінде 27 ақпаннан 14 наурызға дейін шокқа қарсы кешенді терапия жасалған. Алып жатқан еміне қарамастан, 14 наурызда 23:20-да науқас қайтыс болды", - деді басқармадағылар.

Бұған дейін Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан үш адам қаза тапқаны хабарланған еді. Төтенше жағдай 27 ақпанда таңғы уақытта болған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, 145 адам эвакуацияланған. Үш пәтер бүлінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети