15 мамыр 2014 | 17:50

Тараздағы мектепте шашқан газдан уланып 20-дан аcтам бала ауруханаға түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зардап шеккен жеті оқушы жан сақтау бөлімінде жатыр.  ©tengrinews.kz Зардап шеккен жеті оқушы жан сақтау бөлімінде жатыр. ©tengrinews.kz

11-сыныптың оқушысы мектепте газ шашқаннан кейін жиырмадан астам адам ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

11-сыныптың оқушысы мектепте газ шашқаннан кейін жиырмадан астам адам ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға бүгін, 15 мамыр күні, шамамен сағат 12-лерде №21 мектепте болған. Осының салдарынан 24 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір зардап шеккен жеті бала аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр, сонымен бірге тағы төрт оқушының жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. №1 қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Светлана Саринаның айтуынша, ауруханаға жеткізілген барлық баланың басы ауырған, бойларын қорқыныш сезім билеп, тоңып дірілдеген. Оның айтуынша, барлық қиындық сонда, балалар нақты қандай газдан уланғаны, оның оқушыларға қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

Ал шағын баллоннан газ шашты деген күдікпен 11-сыныптың оқушысынан жауап алынуда. Мектепке СЭС пен төтенше жағдай қызметкерлері келіп, барлық ғимаратты тексеріп шыққан. Қазір білім беру мекемесінің жұмысы жалғасуда.

Еске сала кетейік, 2012 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде де шағын баллоннан шашқан газдан 30 студент уланып қалған болатын. Соның салдарынан ғимараттан 400 адам эвакуацияланып, оның 36-сы облыстық ауруханаға жеткізілген. Ал 11 студент белгісіз заттан уланды деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети