21 сәуір 2014 12:48

Теміржолдағы апаттан зардап шеккендердің саны нақтыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ortcom.kz ©Ortcom.kz

Атырау облысында вагондардың жолдан шығып кетуінен зардап шеккендердің саны нақтыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысында вагондардың жолдан шығып кетуінен зардап шеккендердің саны нақтыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, төтенше оқиға кезінде Алматы - Атырау бағытындағы пойызда 580 жолаушы болған. Зардап шеккендердің жалпы саны 27 адам болды, яғни бұрын топшыланғаннан әлдеқайда аз. Сегіз адам жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Еске салайық, 19 сәуір күні кешкісін Сағыз - Мақат учаскесінде жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кеткен болатын. Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстық ішкі істер департаменті әртүрлі мәліметтер таратты. Төтенше жағдайлар министрлігі 12 адам ауруханаға жатқызылды десе, ішкі істер мамандары 21 адамның ауруханаға түскенін, барлығы 44 адамның зардап шеккенін хабарлады. Бұл оқиға бойынша Бас көлік прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. 

Сағыз - Мақат учаскесінде қозғалыс келесі күні сағат 06.00-де қалпына келтірілді. Төтенше оқиғаның салдарынан ондаған жолаушылар пойызы кестесінен кешікті. Оқиғаның салдарын залалсыздандыруға 218 жұмысшы, екі қалпына келтіру пойызы, 25 автотехника жұмылдырылды. Арнайы комиссия оқиғаның себептерін анықтауға кірісті.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети