Темірлан Сәндібаев өзенге өзі құлап кетуі мүмкін - полиция

24 Қазан 2014, 12:24
0
Темірлан Сәндібаев өзенге өзі құлап кетуі мүмкін - полиция - ©Mgorod.kz
©Mgorod.kz

Ақтөбе қалалық полиция өкілдері өзеннен табылған бес жасар баланың неден қайтыс болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екі апта бұрын жоғалған Темірлан Сәндібаев кеше, 23 қазан күні қала аудандарының біріндегі өзеннен табылды.

Полицейлердің айтуынша, баланың денесінде зорлық іздері байқалмады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары баланың неден өлуі мүмкін екенін қарастырып жатыр. Сол нұсқалардың ішіндегі ең ықтималы - бала өзен бойында жүріп құлап кетіп, суға батуы мүмкін. Сот-медициналық сараптамасын жасаған мамандардың айтуынша, Темірлан Сәндібаев 10-15 күн бұрын қайтыс болған. Қазірде гистологиялық зерттеу тағайындалды. Сарапшылар баланың өлімі суық тигеннен болды ма немесе суға тұншыққаннан болды ма, соны анықтайды. Баланың денесі ата-анасына берілді. 

Полиция өкілдері "Адам ұрлау" бойынша қозғалған іс әзірше жабылмайтынын айтты, тергеушілер сараптама қорытындысын күтіп жатыр.

Бала осы жылдың 10 қазанында жоғалып кетті. Ол Өтемісов көшесі бойындағы №167 үй маңында ойнап жүрген. Анасы оны үй ауласына ойнауға жіберіп, 15 минутқа үйге кіріп кеткен. Аулаға қайта шыққан ол баланы таппай қалады. Баланы іздеуге полицияның 1500 қызметкері, 800 студент және 100 әскери қызметкер жұмылды. Жоғалған күні Темірлан Сәндібаевтың суреті қалаға түгелдей ілінді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай