22 қазан 2014 15:06

Темірлан Сәндібаевты іздестірушілер бейнетіркегіш жазбаларын жинастырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Ақтөбеде жоғалып кеткен бес жасар Темірлан Сәндібаевты іздестіруші еріктілер куәгерлерден көлік бейнетіркегішіне түсірілген жазбаларды беруді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Темірлан Сәндібаев 10 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00 шамасында жоғалып кеткен болатын. 

Белсенділер әлеуметтік желілерде хабарлама таратты. "Егер сіз 10 қазан күні 09.00-12.00 аралығында Құрмыш, Татарка, Қаланың ескі бөлігі, Қалалық сүт зауыты аудандарынан өткен болсаңыздар бейнетіркегішіңізге түскен жазбаларыңызды ұсынуды өтінеміз", - делінген хабарламада. "Қандай да бір ілік табамыз деген үмітпен кез келген ақпаратты іздейміз", - дейді ерікті Талғат Хакімжанов. 

Екінші бір ерікті Дина Бөкенбаеваның хабарлауынша, оқиғаға бейжай қарамаған кәсіпкерлердің бірі бұларға штаб ұйымдастыру үшін ғимарат ұсынған. "Біз полициямен байланыс жасап, ақпараттарды оларға тікелей ұсынатын боламыз. Біз оқиғаға куә болуы мүмкін адамдарды іздестіруді ұйғардық. Біз бүкіл қаланы екі-үш рет тінтіп шықтық. Одан ешқандай нәтиже болмады. Біз штатты бөлдік - біреулер дүкендерді аралады, біреулер такси қызметіне кетті, біреулер қоқыс шығарушы компанияларға барды", - дейді ол.

Еске сала кетейік, Темірлан Сәндібаевті сол күні анасы 15 минутқа қалдырып кеткен болатын. Бала Өтемісов көшесі №167 үйдің жанындағы құмда ойнап отырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети