Темірлан Сәндібаевтың туыстары баланы сыйақыға қайтаруды сұрайды

17 Қазан 2014, 22:28
0
Темірлан Сәндібаевтың туыстары баланы сыйақыға қайтаруды сұрайды - Темірлан Сәндібаев.  ©mgorod.kz
Темірлан Сәндібаев. ©mgorod.kz

Ақтөбеде жоғалып кеткен бес жасар Темірлан Сәндібаевтың туыстары баланы ұрлап кеткендерді кешіруге дайын, тіпті, баланы қайтарса, сыйақы беруге де уәде етіп отыр, - деп хабарлайды "Мой город"

Туыстарының жорамалы бойынша, әлдекімдер баланы машинасымен қағып кетуі мүмкін, қорыққан жүргізуші оны өзімен бірге әкетіп, енді қайтаруға батылы бармай отырғанға ұқсайды. "Абайсызда неше түрлі жағдай болады ғой. Оны қайтаруды өтінеміз. Біз ол үшін ештеңе істемейміз. Біз кез келген соманы беруге де дайынбыз. Баламызды қайтарыңыздаршы", - дейді Темірланның тәтесі Майра Төрениязова.

Еске сала кетейік, Темірлан Сәндібаев 10 қазан күні сағат 10.00 шамасында із-түссіз жоғалып кетті. Бала Өтемісов көшесіндегі №167 үйдің жанындағы құмда ойнаған. Анасы 15 минуттан соң келгенде баланы таппай қалады. Темірланды іздеуге 1500 полицей, 100 сарбаз, 800-ге жуық студент қатысып жатыр. Оның фотосуреті базарларға, автобустарға жапсырылды, тас жолдарда оны еріктілер жүргізушілерге таратады. 14 қазаннан бастап, полицейлер қиын аумақтарды ұшақтармен, квадроциклдермен шолып шығып жатыр. Оқиғаға қатысты мәліметтер тергеу құпиясына байланысты жария етілмей отыр.

Ішкі істер департаменті мамандары теміржол вокзалы ауданынан баланы көрген адамдардың бар екенін хабарлады. Полицейлердің айтуынша, Темірлан Сәндібаев жай ғана адасып кетіп, үйіне баратын жолды таба алмай қалуы да мүмкін.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай