Теміртау тұрғыны Татьяна Жданова босанар алдында егіз cәбилерінің құрсақ ішінде қайтыс болғанына байланысты жергілікті дәрігерлерді жазаламақшы. Алайда дәрігерлердің айтуынша, сәбидің өліміне әйелдің өзі кінәлі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.
Теміртау тұрғыны Татьяна Жданова босанар алдында егіз cәбилерінің құрсақ ішінде қайтыс болғанына байланысты жергілікті дәрігерлерді жазаламақшы. Алайда дәрігерлердің айтуынша, сәбидің өліміне әйелдің өзі кінәлі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.
34 жастағы Жданова 15 қарашада Теміртау қалалық №2 емханаға барған. Дәрігерлерге екінші рет қаралғанда екі сәбидің жүрек қағысы сезілмеген. Әйелдің айтуынша, ол осыдан бір күн бұрын өзінің гинекологына барғанда дәрігер оған сәбилердің жағдайы жақсы екенін айтқан. Маған перзентханадағылар қыздардың өлімінің негізгі екі себебін айтты: сәбилердің қанындағы резус-фактор сәйкес келмеген немесе инфекция түскен болуы мүмкін. Неге онда мен осы күнге дейін қаралып жүрген дәрігерлер денсаулығымда қандай да бір ауытқушылықтардың бар екенін айтпаған. Маған ешкім ештеңе айтқан жоқ", - дейді Татьяна Жданова.
Оның айтуынша, осы оқиғадан кейін оған №2 емхананың директоры хабарласып, одан сол медициналық мекемеге келіп қайтуына сұраған. Перзентхананың басшысы бұл мәселені шешпекші болған. Алайда Татьяна Жданова дәрігермен кездесуге бармаған.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар Tengrinews.kz тілшісіне бұл дерекпен өңірдегі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сарапшылары айналысып жатқанын айтты. "Татьяна Жданова жүктілігінің басында вирустық аурумен ауырған. 15 қарашада ол перзентханаға келген болатын. Оны тексеру кезінде сәбилердің жүрек қағысы естілмеді. Сондай-ақ, әйелдің темекі шегетінін және қаназдықпен ауыратынын айтып өткім келеді. Бұл бірінше кезекте сәбидің денсаулығына әсер етеді. Оған жүктілік кезінде темекі шекпеу керектігі айтылған болатын. Бірақ ол тыңдамады", - деді денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Айжан Иса.
Енді Жданова облыстық прокуратура өкілдеріне арыз жазып, олардан егіздерінің өліміне кінәлі адамдарды тауып беруін сұрап отыр.