26 маусым 2017 09:47

Теміртауда ағасы мен әпкесі бес жасар баланың көз алдында қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртаудың алтыншы ықшамауданында 21 маусымда жерқойманы тазаламақ болған қыз бен жігіт иіс тиіп, қайтыс болды. Оқиға бес жасар баланың көз алдында болған. Бұл туралы Etemirtau сайты хабарлады. 


Теміртаудың алтыншы ықшамауданында 21 маусымда жерқойманы тазаламақ болған қыз бен жігіт иіс тиіп, қайтыс болды. Оқиға бес жасар баланың көз алдында болған. Бұл туралы Etemirtau сайты хабарлады. 

Бастапқыда ер адам жерқоймаға түскен. Әйел оған көмектеспек болған кезде қысылып қалған. Бес жасар бала мұны көріп, ересек адамдарды көмекке шақырған. 

"Бала келіп, ағасы мен әпкесі жерқоймаға түсіп кеткенін айтты, олар картоп шығарып жатқан екен. Мен көлік жөндеп жатқанмын, серігім барып көрді. Оның айтуынша, әйел жерқоймаға кірер есікке қысылып қалған, ал ер адам ішінде болған. Ол әйел қорылдап жатқанын естіп, ішкі ағзасы жараланған болуы мүмкін деп, тиіспепті, сөйтіп, жәдел жәрдем немесе полицияны шақырды", - деді көлік жөндеуші Иван Стеценко. 


ТТК телеарнасының кадры

"Соған қарағанда, ер адам жерқоймаға түсіп, әлсіреп қалған. Ал оның әлсірегенін көрген қарындасы құтқармақ болып, ішке қарай түспек болған. Бірақ ол түсіп үлгермей жатып, есінен танып қалған", - дейді Теміртау ТЖБ басшысы Арман Алпысбаев. Құтқару операциясы кезінде үш құтқарушы да зардап шеккен. Олар бір тәулік бойы ауруханада болыпты.


ТТК телеарнасының кадры

Құтқарушылар осы оқиғаны мысалға келтіре отырып, көмірқышқыл газдың адам ағзасына бірден әсер ететінін ескертіп отыр. Жерқоймаға түсу үшін оған қағаз жандырып, тастау керек екен екен. От сөніп қалса, жерқоймада ауа жоқ және оған түсуге болмайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети