Теміртауда егіз баласы шетінеп кеткен әйел дәрігерлерден 200 мың теңге өндіріп алды

19 Наурыз 2018, 14:43
0
Иллюстрациялық сурет © Mama66.ru
Иллюстрациялық сурет © Mama66.ru

Теміртаулық әйел егіздерінің шетінеп кеткені үшін дәрігерлерді сотқа берді. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының сайтында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты арызданушы Ж. жауапкер облыстық перинаталдық орталық, Теміртау қаласының №2 емханасы, перзентханасы, "Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы" ММ-ден моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Істі қарау барысында, арызданушы жүктіліктің 6-шы айында Теміртау қаласының №2 емханасына есепке алынғаны анықталды. Жүктілік қалыпты өтіп, 2017 жылдың 15 қарашасына белгіленген болатын. 12 қарашада әйел әлсіреп, Теміртау қаласының перзентханасына жедел жәрдеммен жатқызуды өтінген. Алайда бұл өтініш қабылданбаған. 2017 жылы 17 қарашасында әйел "ОПЦ" КММ-ге түсіп, сол күні толық жетілген екі сәби өлі туылған. "Медициналық фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша депратаменті жүргізген тексерістен сапасыз қызмет көрсетілгені анықталды.

Анықталған мән-жайлар ескеріліп, парасаттылық пен әділеттілік өлшемдерін басшылыққа ала отырып, талап қоюшының арызы жартылай қанағаттандырылды және моральдық зиян өтемақысы 200 000 теңге мөлшерінде деп анықталды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Мұның алдында әйел егіздердің өліміне жауаптыларды жазалауды сұрап, прокуратураға арыз жазғаны хабарланған. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай