Теміртауда он жастағы қыз мойынорағышқа қылғынып, қайтыс болды

10 Ақпан 2018, 09:36
0
Теміртауда он жастағы қыз мойынорағышқа қылғынып, қайтыс болды - © yavmode.ru
© yavmode.ru

Теміртауда 5-сынып оқушысы өз үйінде асылып өлді, деп хабарлады КТК.

Телеарнаның хабарлауынша, қыздың туғандары 10 жастағы Ксения Белозерованың үйінде жаттығу жасап жүргенде абайсыздан мойынорағышына қылғынып қалғанын айтқан.

"Ауыр атлетикамен айналысқан озат оқушы үнемі үйде жаттығатын еді дейді олар. Полицейлер болса, әзірге бұл іс жайлы ешбір ақпарат бермей отыр", - деп хабарлады телеарнаның тілшісі.

Мектеп үшін бұл оқиға оңай тимеген секілді. Өйткені кеше ғана сабақтан ойнап күліп кеткен баланың бүгін жоқ екеніне ешкім сенер емес. Оқушылар дәлізге Ксенияның суретін қойып, қайғыра көңіл айтқан сөздерін де жазыпты. Мұғалімдері марқұмды ақылды қыз еді дейді. Оқуда алдына жан салмаған, спортта да нәтиже көрсетіп келе жатқан. Қыз өліміне байланысты желіде желдей тараған ақпарат жалған екен. Туғандары мен мұғалімдері 10 жастағы қыздың желідегі қауіпті ойындармен байланысы жоқ дейді. Қызда тіпті ұялы телефон да болмаған екен.

"Кеше ғана математикадан суммативтік емтихан тапсырып жақсы баға алды. Қуанып кеткен. Өзіне қол жұмсады дегенге сенбеймін. Ашық жарқын, оқуда озат еді. Ғаламторға кіретіндей телефоны да жоқ. Сондықтан қауіпті ойынның құрбаны болды деуге негіз жоқ", - деді №1 мектеп директорының орынбасары Жанна Исмайылова.

Айта кетейік, ақпанның 3 күні Қарағандыда 7-сынып оқушысы асылып өлген болатын. Дегенмен 14 жастағы Настя Изотованың өліміне байланысты полиция "өзіне қол жұмсауға итермеледі" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ретінде оның желідегі танысы танылып отыр. Ол жеткіншекті өлім тақырыбына тартып, өзіне қалай қол жұмсау керектігін тәптіштеп түсіндірген дейді жақындары. Полиция мен прокуратура екі өлімді бір-бірімен байланыстырмайды, бірақ толыққанды ақпарат та бермей отыр.  

Дереккөзі: КТК.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай