29 қыркүйек 2017 13:31

Теміртауда түрмеден шыққан әкесі 10 жасар қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртау тұрғыны өзінің 10 жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасағаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Педофил өз баласын бірнеше жылдан бері азғырып, зорлап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап. 

Ресми мәліметтерге сенсек, педофил қыздың туған әкесі болып шықты, ол мұның алдында кісі өлтіргені үшін сотталып, 2010 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан. Бостандыққа шыққан ер адам әйелімен және кішкентай қызымен қосылған. Ал 2013 жылы 10 жасар қызына қатысты пиғылын іске асырған. Әйелі жоқтығын пайдаланған педофил баласын шешіндіріп, азғырған. 

Қылмыстық істің материалдары бойынша, бала әкесінің не ойлағанын түсінбей, айтқанын істей берген. Арам пиғылын жасаған сайын әкесі оны жалаңаш видеоға түсіріп жүріпті. Кейін ол тіпті баласын ұрып-соғып жүріпті. Баласының көзін байлайтынды да шығарған. Хайуандық әрекетінен кейін әкесі із жасыру үшін баласын жуындыратын болған. Мұндай оқиғалар бірнеше жыл бойы қайталанып келген. 

Күндердің күнінде қыз бұл жайлы шешесіне айтып берген. "Бастапқыда әйел полицияға хабарласудан қорыққан, себебі күйеуі оны жиі ұрып-соғып жүрген. Әйелі қарсылық көрсетпеген. Бірақ бұл жай туралы қыздың мұғалімі біліп қойған. Мектеп әкімшілігі дереу полицияға хабар берген. Ер адам ұсталған кезінде кінәсін мойындамады", - деді судья Исламхан Есенбаев.

Алайда медициналық сараптамадан кейін ер адамның кінәсі толықтай дәлелденген. Сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети