18 сәуір 2014 14:56

Тепловоз машинисі жол апатының мән-жайы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Railways.kz ©Railways.kz

Тепловоз машинисі Павлодар облысындағы ірі көлік апатының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Локомотив" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тепловоз машинисі Павлодар облысындағы ірі көлік апатының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Локомотив" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ернұр Қасымовтың айтуынша, теміржол өткеліндегі жол апаты шағын автобус жүргізушісінің әрекетінен болды. Сол күні жолдың көріну мүмкіндігі жақсы болды, өткелдегі дабыл жүйесі жұмыс істеп тұрды. "Теміржолдың күзетілмейтін, реттелетін өткелінен өтіп бара жатып, сол жақтағы ферроқорытпа зауыты тұсынан қызыл түсті шағын автобусты көрдім, ол "Стоп" белгісіне тоқтады. Бірақ сәл аялдағаннан кейін келе жатқан тепловозды көре тұра, оның дыбыстық дабылына қарамастан, теміржол өткеліне шығып кетті. Мен шұғыл тежегішті бастым, бірақ соқтығысудың алдын ала алмадым", - дейді Қасымов.

Машинистің сөзіне қарағанда, ол бірден апат туралы "Ақсу-1" станциясының кезекшісіне хабар беріп, жедел жәрдемді шақырған. Машинистің көмекшісі зардап шеккендерге көмекке ұмтылған. "Дәрігерлер келгенше біз зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсеттік", - деді ол. Машинист апаттан қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ мамандарының хабарлауынша, оқиғаны тергеу үшін Павлодар жол бөлімі бастығының төрағалығымен арнайы комиссия тағайындалды. Еске салайық, 15 сәуір күні Ақсу - Дегелең тас жолының 26-шақырымындағы теміржол өткелінде Ford Transit шағын автобус тепловозбен соқтығысқан болатын. Шағын автобуста болған тоғыз адамның біреуі оқиға орнында, үшеуі ауруханада жан тәсілім етті. Жолаушылар Ақсудағы кәсіптік-техникалық лицейдің студенттері болып шықты. Олар ферроқорытпа зауытынан өндірістік тәжірибеден қайтып келе жатқан. Павлодардағы кәсіпорындардың бірі қайтыс болғандардың отбасына миллион теңгеден, зардап шеккендерге 500 мың теңгеден ақшалай көмек төлеуге уәде етті. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети