24 сәуір 2014 19:02

Тепловозға соғылған шағын автобустың жүргізушісі тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Павлодар облысында тепловозға соғылған шағын автобустың жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодар облысында тепловозға соғылған шағын автобустың жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасын жасап, жасөспірімдердің өліміне себеп болған шағын автобустың жүргізушісі тұтқынға алынды. Біз сотқа оны тұтқындауға санкция беру туралы өтініш дайындап қойдық. Қазіргі уақытта күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр", - деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова. Күдікті 23 сәуірде ауруханадан шығарылған.

Қазір Ақсу орталық ауруханасында зардап шеккендердің төртеуі жатыр. Олардың бірі әлі күнге дейін жансақтау бөлімінен шығарылған жоқ. 

Еске сала кетейік, 15 сәуірде Ақсу - Дегелең жолының 26-шақырымында Ford Transit шағын автобусы тепловозға соғылған еді. Көлік апаты кезінде шағын автобуста тоғыз адам болған, олар - Ақсу кәсіптік-техникалық лицейінің студенттері. Төрт адам қайтыс болды, жергілікті ірі кәсіпорындардың бірі марқұм болғандар мен зардап шеккендердің отбасына материалдық көмек көрсететінін мәлімдеді. Тепловоз машинисінің айтуынша, оқиғаға шағын автобустың жүргізушісі кінәлі, ол тыйым белгісіне және тепловоздың дыбыстық дабылына қарамастан, теміржол өткеліне шығып кеткен. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети