08 қыркүйек 2018 14:05

Терезенің ернеуінде жарты сағат тұрған. Павлодарда тоғыз қабатты үйдің балконынан түсіп кеткен қыз құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарлық құтқарушылар ата-анасы жоқ кезде балконның сыртына шығып, қайта кіре алмай қалған қызды құтқарды. Құтқарушылар келгенге дейін қыз жіңішке ернеуде жарты сағатқа жуық уақыт тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үйдің төртінші қабатындағы балконда тұрған қызды сыртта өтіп бара жатқандар байқаған. Олар бірден құтқарушыларды шақырып, оқиғаны видеоға түсіріп алыпты. 

"Қыз бала балконның сыртына шығып кетіп, астыңғы қабаттың терезесінің ернеуінде жарты сағат тұрған. Баланы ТЖД қызметкерлері құтқарып алды. Төменде өтіп бара жатқан тұрғындар кілемді ұстап, сақтандырып тұрды", - деп жазды видео авторы.

"Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару қызметкерлерінің көмегімен үйде ата-анасының қарауынсыз қалған 2012 жылы туған қыз бала тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатының балконынан құтқарылды. Тұрғындар құтқарушыларды шақырды, көмек қолын созған барша жанға алғыс айтамыз", - деді ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети