ТЖК балалар арасындағы қайғылы жағдайлардың көбеюіне байланысты дабыл қақты

16 Маусым 2016, 09:38
0
ТЖК балалар арасындағы қайғылы жағдайлардың көбеюіне байланысты дабыл қақты - © Айнаш Өндіріс
© Айнаш Өндіріс

ҚР ТЖК еліміз бойынша дабыл қақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, соңғы екі күн ішінде елімізде үш бала суға батып кеткен. "14 маусым күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Есентай ауылында 2003 жылғы бала Жайық өзеніне батып кетті. Дәл сол күні Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында 2014 жылғы сәби суға құлап кетті. 15 маусым күні Павлодар облысының Ертіс ауданында ата-анасы қараусыз қалдырған 2014 жылғы қыз бала суға тұншығып өлді", - делінген хабарламада. Сонымен қатап, ТЖК өкілдерінің айтуынша, Астана қаласында 2012 жылғы бүлдіршін 5-ші қабаттағы терезеден құлап, ауруханаға жеткізілген.

Олар мұндай қайғылы оқиғалар ата-аналардың баласын қараусыз қалдыруынан болып отыр деп есептейді. "ТЖК барлық ата-анаға өз балаларын мұқият бақылап, қараусыз қалдырмауға шақырады. Кішкентай бала қауіп деңгейін бақылайтын жағдайда емес. Сондықтан да оларды аз уақытқа болса да қараусыз қалдыру қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін", - делінген ТЖК жолдаған хабарламада.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай