Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Тікұшақ апатынан қаза болған ұшқыштың кім екені анықталды 17 қаңтар 2019, 17:36

Алматыда шипажай аумағына құлаған тікұшақта Валентин Шитов болғаны анықталды, ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Алматыда шипажай аумағына құлаған тікұшақта Валентин Шитов болғаны анықталды, ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019 жылдың 17 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 15.59-да Sky-service әуекомпаниясына тиесілі "Еврокоптер-130" тікұшағы құлады. Ол Боралдай әуежайынан шығып Үлкен Алматы көліне ұшып бара жатқан кезде құлады. Бортта тек ұшқыш болған - Шитов Валентин Викторович, оны анықтаған кезде тірі болатын. Бірақ ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", - деп хабарлады комитеттегілер.

Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады

ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің өкілдері тергеу бастады.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram