17 маусым 2014 16:33

Тікұшақтың апатты жағдайда қону себебі анықталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bell 206 тікұшағы. ©Еas-helicopter.de Bell 206 тікұшағы. ©Еas-helicopter.de

Алматы облысында тікұшақтың апатты жағдайда қонуының алдын ала себебі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровқа сілтеме жасап.


Алматы облысында тікұшақтың апатты жағдайда қонуының алдын ала себебі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровқа сілтеме жасап.

"Тергеу жаңа ғана басталды, қандай да бір қорытынды жасауға ерте, министрліктен комиссия құрылды. Біздің адамдар, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері оқиға орнына кетті. Оқиғаның алдын ала себебі - ауа райы, тікұшақ суға оқыстан сәтсіз қонған, соның салдарынан жанына аударылған. Тексерудің нәтижесін жақын арада хабарлаймыз. Пилот ауыр халде ауруханаға түсті", - деп хабарлады Бектұров.

Еске салайық, 14 маусым күні Bell 206 тікұшағы Алматы облысында Іле өзеніне оқыс қонған болатын. Оқиғаның салдарынан екі адам зардап шекті.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети