Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Тоқтар Төлешов басқарған сыра зауытының жұмысшылары ереуілге шықты

11 Наурыз 2016, 17:41
1
Тоқтар Төлешов. © tvk-uko.kz
Тоқтар Төлешов. © tvk-uko.kz

"Шымкентсыра" компаниясының шамамен 20 күзетшісі кәсіпорынның алдына жиналып, желтоқсаннан бері жалақы алмай келгендерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жалақыны кешеуілдету кәсіпорынның бұрынғы құрылтайшысы Тоқтар Төлешовтің қамауға алынуынан кейін басталған.

"Вымпел-групп" ЖШС компаниясы, жұмысшылардың атйуынша, 35 күзетшінің жалақысын төлемей келген. Сонымен қатар, ер адамдар мұның себебін де білгісі келіп отыр. "Мен шамамен 65 мың теңге аламын және үш ай бойы ақша көргенім жоқ. Жанұямды қалай асыраймын, төрт балам бар", - дейді "Вымпел-групп" компаниясының қызметкері Өткір Сартыбеков.

Жиналғандар осы уақыт бойы күзет компаниясының басшыларының оларды "Шымкентсыра" кәсіпорнының әкішілігіне жіберетінін, ал олардың "Вымпел-групп" компаниясына жөнелтетінін айтып отыр. Енді қызметкерлердің алдындағы қарыз мәселесімен еңбек жөніндегі бас инспектор Бастар Есқараев айналысатын болды.

Ол кездесу кезінде наразы болған күзетшілердің шағымын қабылдап алды. "Вымпел-групп" ЖШС 2015 жылдың желтоқсанынан бері қарыз. Біз бүгін шағымды қабылдап алдық, қазіргі заңнамаға сәйкес қарастырылады. Арнайы тексеріс жүргізіледі, шешім қабылданады. Соған қарағанда, жұмыс беруші әкімшілік жазаға тартылады. Егер ол лауазымды тұлға болса, 30 АЕК көлемінде, ал мәртебесі орта кәсіпкерлік болса, онда 60 АЕК көлеміндегі айыппұл түріндегі жазаға тартылады. Ал егер ол ірі кәсіпкер болса, әкімшілік жаза 150 АЕК-ке жетуі мүмкін", - деді ОҚО еңбек жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы Бастар Есқараев. 

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 30 қаңтарда Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған еді. Тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленген. Ұсталған кәсіпкер "Шымкентсыра" ЖШС иесі және Террорлық қатерлерді сараптау орталығын басқарған. Бірлестіктің сайтындағы өмірбаянда Төлешовтің 2008 жылдан бастап қоғамдық ұйымдарда көптеген қызметтерді атқарғаны жазылған. Сонымен бірге, ол - "Нұр Отан" партиясының мүшесі, бірнеше журналистер одағының мүшесі және Қазақстан казактары бірлестігінің жоғарғы атаманының кеңесшісі. Айта кетейік, Шымкенттегі арнайы операцияға оңтүстікқазақстандық полицейлер тартылмаған. Бұл операцияны елорданың арнайы қызметтері бақылап, тергеп отыр.

Ал ақпан айында сот белгілі бизнесмен Тоқтар Төлешовті екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай