27 қараша 2017 11:57

Тойдан қайтып келе жатқан: Жол апатынан бір әйел қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болып, бір әйел қаза тапты және тағы жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Оңтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болып, бір әйел қаза тапты және тағы жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің мәліметінше, 2017 жылдың 27 қарашасында Төлеби аудандық ІІБ-ге Алматы-Термез тасжолында микроавтобус пен жүк көлігінің жол-көлік оқиғасына ұшырағаны туралы хабар түскен. 

"Полицейлер оқиға орнына барып, шамамен түнгі он екілерде Starex микроавтобусының 1984 жылғы жүргізушісінің тойдан қайтып келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалғаны және "КамАЗ" машинасына соғылғанын анықтаған", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Оқиға салдарынан облыстық ауруханаға микроавтобус жүргізушісі мен жеті жолаушысы түрлі жарақатымен жеткізілген. Оның ішінде 7 және 13 жастағы балалар бар. Кейін зардап шеккендердің бірі, 1981 жылғы әйелдің қайтыс болғаны анықталған. 

Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша тіркелген. Сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети