19 маусым 2019 | 11:50

Туған қызын 7 жыл қапаста ұстаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Естімеген елде көп. Мектеп бітірген бойда жоғалып кеткен бойжеткен жеті жылдан кейін  өз пәтерінен табылды. Қыздарын осынша жыл жұрттан жасырып, үйінде қамап ұстаған отбасының өтірігі ашылды. Сұмдық оқиға Қарағанды облысының Теміртау қаласы нда болды. Бұл іске қазір полицияда араласуда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Оқыс оқиға 20 мамырда болған. 9-қабаттан секірген қыз тұрғын үйдің астындағы дәмхананың төбесіне түскен. Аң-таң болған куәгерлер бірден жедел-жәрдемді, полицияны шақырған. 


Иконка комментария блок соц сети

Естімеген елде көп. Мектеп бітірген бойда жоғалып кеткен бойжеткен жеті жылдан кейін  өз пәтерінен табылды. Қыздарын осынша жыл жұрттан жасырып, үйінде қамап ұстаған отбасының өтірігі ашылды. Сұмдық оқиға Қарағанды облысының Теміртау қаласы нда болды. Бұл іске қазір полицияда араласуда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Оқыс оқиға 20 мамырда болған. 9-қабаттан секірген қыз тұрғын үйдің астындағы дәмхананың төбесіне түскен. Аң-таң болған куәгерлер бірден жедел-жәрдемді, полицияны шақырған. 

"Анасы оны қамап қойған. Ол сонда бір бөлмеде жатып дәрет сындырған, қандай сұмдық десеңізші. Әрине полиция келді, біз барлығымыз кіріп көрдік, акт толтырдық", - дейді көршісі. 

Сұлап жатқан қыздың айналасына үймелеген тұрғындар оны бірден таныған. Жеті жылдай көрінбей кеткен Иринаны анда-санда анасынан сұрап қояды екен көршілері. Сыр алдырмаған шешесі қызының тұрмысқа шығып, астанада тұратынын айтып, жасырып келіпті. Алайда, мына жағдайдан соң отбасының барлық өтірігі әшкере болды. Ирина мектеп бітіргелі үйінде қамалып отырған екен. Бөлменің іші де адам төзгісіз күйде болған. Жалаң еден, айналасы күл-қоқыс.  

"Үйінде не болғанын біз білмейміз. Әпкесі полициямен бірге ішке анықтауға кірген кезде жағасын ұстап шықты. Қыздың бөлмесі адам төзгісіз күйде болған. Кереуетте жоқ, ескі орындық ғана тұр. Айналасындағы ыдыс-аяқтары пласмассадан болған. Сонда осылай тамақ берген бе деген ой келді. Не жағдай болғанын білмейміз. Тіркеуде тұрғанын білдік", - дейді тағы бір көршісі. 

Алайда, көрші-көлемнің бұл әңгімесін Иринаның анасы жоққа шығарып отыр. Тараған ақпараттың бәрі жалған екенін айтады. 

"Мұның бәрі жалған. Ешкім тар қапаста қамап ұстаған жоқ. Біз туралы неше түрлі сөз тарап жатыр. Тіпті, діни сектағада кіргізіп қойыпты. Сыртымыздан айтылып жатқан әңгімелерді естіп жатырмыз. Мен өзім ешкімге ешқандай сұхбат берген емеспін. Қауесеттің бәрі еш дәлелсіз дүние", - дейді қыздың анасы Инна. 

Оқиға болған күні терезеден секірген бойжеткеннің өзінен 4 жас үлкен ағасы да үйде жүрген екен. Жалпы, тұрғындар  отбасы мүшелерінің биязы, бірақ тұйықтау екенін айтады. Бұл іске полицияда араласып, анасы мен ағасының Иринаны неліктен үйге қамап ұстағанын анықтап жатыр. 

"Бүгінгі таңда полицияда қылмыс іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталлып жатыр", - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанатай Сембеков, 
 
Үй қамауында болған 24 жастағы Ирина қазір ауруханадан үйіне шығарылған. Дәрігерлердің мәліметінше, оның бас сүйегі зақымдалып, аяғы бірнеше жерден жарақат алған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети