07 тамыз 2018 11:46

"Тұншығып қала жаздады". Жаңа туған нәрестені жолдың бойына қалдырып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

1tv.kz 1tv.kz

Түркістан облысында полицейлер жаңа туған нәрестені жолдың бойында тастап кеткен ананы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Еуразия" Біріншісі арнасы. 


Түркістан облысында полицейлер жаңа туған нәрестені жолдың бойында тастап кеткен ананы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Еуразия" Біріншісі арнасы. 

Сәбиді ауасы жоқ спортқа арналған сөмкенің ішіне қалдырып кеткен. Қызды жергілікті тұрғын тауып алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бала табылмас бұрын 4 сағат бойы сөмкенің ішінде жатқан. Бала тұншығып қала жаздаған. 

"Мен қыздарыммен бірге сөмкені ашқанымда, бала қып-қызыл болып кетті. Басында өліп қалған шығар деп ойладым. Бірден көршіме бардым, себебі, ол - дәрігер. У-шу болып кеткенде, сәби жылап жіберді", - дейді Әсия Омарова.

Кейіннен бала ауруханға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қыз 4 күн бұрын дүниеге келген, аты Айым. Түркістан облысының полиция қызметкерлері қыздың анасын іздестіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети