09 тамыз 2015 14:54

Түркияда қаза тапқан қазақстандық қыздың денесі отанына жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы жол апатынан қаза тапқан қазақстандық 18 жастағы Аида Сарабаеваның денесі Қазақстанға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаевқа сілтеме жасап.

"Аида Сарабаеваның денесі бүгін Астанаға жеткізілді. Әуежайда Аиданың әкесі күтіп алды", - деп жазды Әбибуллаев Twitter әлеуметтік желісіндегі микроблогында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркиядағы ірі жол апатынан 18 жастағы Аида Сарабаеваның қаза тапқаны хабарланған болатын. Жол апаты 6 тамызда, Астана уақыты бойынша 19.30-да болды. Автобус Памуккаледен Анталияға бара жатқан. Апаттан төрт адам қаза тауып, 27 адам жарақаттанды.

ҚР СІМ хабарлауынша, осы автобуста болған қазақстандық алты азамат түрлі жарақатпен Денизли ауруханасына жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети