Түркияда қаза тапқан қостанайлық жігіттің отбасы жол апатына кінәліні сотқа береді

09 Шілде 2015, 17:30
0
Түркияда қаза тапқан қостанайлық жігіттің отбасы жол апатына кінәліні сотқа береді - © Kstnews.kz
© Kstnews.kz

Түркияда жол апатынан қаза тапқан қостанайлық Константин Ивановтың отбасы кінәлі адамды сотқа береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ивановтардың отбасы орыс тілінде сөйлей алатын түркиялық адвокат жалдады, қазір ол апатқа кінәлі адамды айыптау үшін дайындалып жатыр. Ол қаза болған қазақстандықтың туыстарының мүддесін сотта қорғайтын болады. "Егер сотқа біреуіміздің қатысуымыз міндетті болса, біз баратын боламыз. Дегенмен, барғымыз келмейді", - деді Константин Ивановтың әкесі Юрий Иванов.

Еске сала кетейік, Түркиядағы жол апаты 9 маусымда болды. Қазақстандық Константин Иванов досы Әлішермен бірге Памукалледен Анталияға жеңіл автокөлікпен келе жатқан. Жігіттер көліктің артқы орындығында отырыпты. Жолда автокөлік жоғары жылдамдықпен жолдың қарсы бағытында келе жатқан Mercedes автокөлігіне соғылды. Түркияда болған осы жол апатынан қазақстандық көп зардап шекті. Ол ашық бассүйек-ми жарақатын алып, комада жатты. 2 шілдеде Константин Иванов қайтыс болды.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай