Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Түркияға кете алмай қалған қарағандылық туристердің оқиғасы жалғасын тапты

10 Шілде 2015, 11:43
1
© tourprom.ru
© tourprom.ru

Түркияға кете алмай қалған қарағандылық туристердің оқиғасы жалғасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, туристік фирма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қарағандының 23 тұрғыны оған қатысты арыз түсіріп, оны алаяқтық жасады деп айыптап отыр.

"Шетелге демалуға ұшып кете алмаған туристер фирманың басшысы жолдама үшін ақша алып, ақырында бұл сапарды ұйымдастыра алмады деп отыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, туристік фирманың иесі ұсталды, оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін қарағандылық туристердің Түркияға ұшып кете алмағаны, ал бір топ туристің керісінше елге қайтып орала алмай қалғаны хабарланған болатын. Белгісіз себептермен 8 шілде күні Анталиядан келетін рейс кешікті. Соның кесірінен қазақстандық туристер Түркиядан уақытында ұшып шыға алмады, ал ұшақ жоспарланған уақытта Қарағандыға қонған жоқ. Қарағандының әуежайында Түркияға уақытында ұшып кетпеген туристер жиналып қалды. 230-ға жуық адам еңбек демалыстарын шегеруге мәжбүр болды. Олардың көпшілігі үйлеріне қайтты. Бірақ олардың арасында облыс орталығынан алыста орналасқан қалалардың тұрғындары бар. Олардың әуежайда күтулеріне тура келді.

"Біз кешігу туралы "Сары-Арқа" әуежайына келгенде, таңғы сағат төртте білдік. Адам өте көп жиналған, бір ұшақ толатындай. Екі сағат бойы техникалық ақауларға байланысты ұшақтың ұшу уақыты 18.00-ге ауысатыны хабарланды. Бірақ кейін оған ешқандай кепілдің жоқ екені анықталды", - деді туристердің бірі.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай