Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам мерт болды

25 Маусым 2018, 15:30
0
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам мерт болды - © Otyrar.kz
© Otyrar.kz

Түркістан облысындағы Рабат ауылының маңында Сарыағаш - Шымкент тасжолы бойында Mazda көлігі мен SsangYong Istana микроавтобусы соқтығысты, - деп жазады Otyrar.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, микроавтобуста 10 адам болған, олардың төртеуі - Өзбекстан азаматы. Басылымны4 мәліметінше, ЖКО салдарынан үш адам мерт болған. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік микроавтобусқа соқтығысқаннан кейін жол шетіне ұшып кеткен. 

Шымкенттің медициналық жедел жәрдем ауруханасына Қазығұрт ауданыда болған ЖКО-дан зардап шеккендер жеткізілді. Жеңіл жарақат алған төртеуіне көмек көрсетілді, олар амбулаторлық ем алады, үш адам жансақтау бөлімінде, екеуі травматология бөлімінде", - дейді МЖЖА-ның қабылдау бөлімінің меңгерушісі Алмас Байбеков.

Қазір жол апатының себебі мен оған кінәлі адам анықталып жатыр. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай