25 қараша 2019 09:10

Түркістанда джип жүргізушілері түнгі уақытта жарыс ұйымдастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Түркістанда жергілікті жүргізушілер түнгі уақытта орталық көшеде жарыс ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістанда жергілікті жүргізушілер түнгі уақытта орталық көшеде жарыс ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Toyota Fortuner және Land Rover жүргізушілері бір сағат бойы көшеде жарысып, шоу жасаған. Бірақ, құқық қорғау органдарының мәліметінше, полицейлер жарыс ұйымдастырушыларды тез арада тауып, жазалады. Патрульдік көлік Land Rover көлігін айыппұл тұрағына жеткізіп, жүргізушісіне бірден екі айыппұл салған.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірханның айтуынша, 1995 жылғы жүргізуші жазаланды. Оған екі электрон әкімшілік хаттама толтырылған.

Қазіргі уақытта жарыс ұйымдастырған екінші жүргізуші іздестіріліп жатыр екен. Полицияның мәліметінше, оған да айыппұл салынып, көлігі айыппұл тұрағына жеткізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети