11 қыркүйек 2019 12:08

Түркістанда жарылыс салдарынан 11 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Түркістанда жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігерлер Түркістанда жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан 11 адам зардап шеккен. 6 науқасқа алғашқы көмек көрсетілді және олар амбулаторлық емдеуге жіберілген. 

2019 жылы 10 қыркүйекте Түркістан қалалық орталық ауруханасының травматология бөліміне 4 науқас түскен, алайда 11 қыркүйекте тағы бір адам түсті. Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылғандар саны - 5 адам. Олардың жағдайы орта деңгейлі ауырлық.

Осыған дейін, Түркістанда алапат өрттің неден шыққаны анықталғаны туралы айтылды. Айта кетейік, куәгерлер кеше, 10 қыркүйекте кешкі уақытта жарылыс болып, артынша өрт шыққанын хабарлап, видео мен суреттер жолдаған. Кейінірек Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі төтенше оқиға жайлы хабар таратты. Олардың мәліметінше, 19.00 шамасында Бекзат Саттарханов көшесінде орналасқан Royal Grand Hotel қонақүйінің территориясында газ баллондары тиелген ЗИЛ көлігі өртенген. 

Өрт үш тонна газ автоцистернасынан шыққан екен. 

Өртті сөндіруге жеке құрамның 70 адамы жұмылып, 14 дана өрт сөндіру техникасы қолданылған. 

Полиция қызметкерлері қонақүй территориясын қоршауға алған. Өрт 20.00-де ауыздықталып, 20.15-те толық сөндірілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети