14 қыркүйек 2019 13:19

Түркістанда қонақүйдегі өрт салдарынан газ баллоны жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Түркістанда "Яссы" қонақүйі өртеніп, соның салдарынан газ баллоны жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістанда "Яссы" қонақүйі өртеніп, соның салдарынан газ баллоны жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"14 қыркүйекте 11:04-те "101" пультіне Түркістан қаласындағы Саттарханов көшесінің бойындағы "Яссы" қонақүйінде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Ғимараттың шатырында өрт шыққан, артында екінші қабатта тұрған газ баллоны жарылған. Өрт сөндірушілер қонақүйден 10 адамды эвакуациялады", - дейді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Өрт 11:34-те ауыздықталып, 11:52-де толығымен сөндірілді. Өрт аумағы - 150 шаршы метр. 

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 

Өрт сөндіруге Түркістан облыстық ТЖД жеке құрамының 25 маманы мен 8 арнайы техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері өрт шыққан аймақты қоршауға алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети