Тыйым салатын белгі қойылған: Қарағанды маңында жазғы демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды

Тыйым салатын белгі қойылған: Қарағанды маңында жазғы демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Қарағанды облысында су айдынындағы жазғы демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды. Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында 2011 жылы туған қыз суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағанды облысында су айдынындағы жазғы демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды. Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында 2011 жылы туған қыз суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бір топ жасөспірім Көкпекті өзеніне барған. Ересектер өз ісімен айналысып жатқанда, балалар суға түсуге кеткен.

Бір сәтте қыздардың бірі су астына кетіп, көрінбей қалған. Оқиға куәгерлері құтқарушыларды шақырған. Қызметкерлер жедел түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. Оқушы қыздың денесі жағадан шамамен 20 метр қашықтықта төрт метр тереңдіктен табылды.

Жарнама
Жарнама

"Қайғылы оқиғаның шомылуға тыйым салынған жерде болғаны ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл учаскеде тиісті ескерту белгісі орнатылған. Ол жазғы каникул басталғанға дейін, 2 маусымда қойылған. Сондай-ақ каникул қарсаңында оқушылармен су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар жүргізілді. Алайда кезекті жазатайым оқиға балалар ересектердің қарауынсыз қалғанда, ескертулер жеткіліксіз болатынын көрсетеді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бір қарағанда Көкпекті өзені қауіпті көрінбейді. Бұл ірі су айдыны да, таудың асау өзені де емес. Мамандардың айтуынша, дәл осындай жерлер көбіне қауіпсіздік сезімін тудырады. Бірақ мұндай су астында терең учаскелер, тереңдіктің күр өзгеруі және күшті су асты ағындары жасырынуы мүмкін.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама