01 ақпан 2017 15:43

Универсиада-2017 дирекциясының қайтыс болған қызметкерінің отбасына миллион теңге төленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Универсиада-2017 дирекциясының қайтыс болған қызметкерінің отбасына өтемақы ретінде миллион теңге беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Универсиада-2017 ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров айтты.

"Қазір орынбасарым отбасына берілетін миллион теңгені алып кетті. Жерлеу рәсімі жұмада өтеді. Біз миллион теңге бөлдік (...). Әзірше, жерлеу рәсімінің қайда өтетінін білмейміз. Орынбасарым қайтыс болған қызметкердің туыстарымен сөйлеседі. Дирекция өкілдері міндетті түрде сонда болады", - деді Нұров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, 31 қаңтарда Универсиада-2017 дирекциясының қызметкері 33 жастағы Бауыржан Рафиковтің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Қайғылы оқиға "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде болған. Наиль Нұровтың айтуынша, қызметкерге 40 минут бойы реанимациялық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, ол еш нәтижесін бермеді. "Оқиға орнына ІІД қызметкерлері, прокуратурадағылар, Алматы қаласының басшылығы келді. Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкеріміздің өліміне жүрек жетіспеушілігі себеп болды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети