06 қазан 2016 10:42

Ұрланған мотоциклды жүргізген ақтөбелік жігіт мүгедек жанды қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hotrodgarage.ru © hotrodgarage.ru

Ақтөбеде ұрланған мотоциклді жүргізген ер адам мүгедек жанды қағып өлтірді, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбеде ұрланған мотоциклді жүргізген ер адам мүгедек жанды қағып өлтірді, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылымның мәліметінше, ақтөбелік 35 жастағы Денис Галюга ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді, алайда кей кездері көршісіне автобазада көлік жөндеуге көмектесетін болған. 30 мамыр күні автобаза иесінің әйеліне тиесілі мотоциклді жөндеп болғаннан кейін, Галюга оны ұрлап үйіне қарай кеткен.  

Жолда ол арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі адамды қағып кеткен, соққыдан ол арбадан ұшып түсіп жолға түскен. Ол оқиға орнында қаза тапқан. Денис Галюгаға қатысты мотоциклды ұрлау және адам қаза болған жол апаты деректері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Басылымның мәліметінше, сотта Галюга жол-көлік оқиғасына кінәлі екенін мойындады, алайда мотоциклді ұрлағанын жоққа шығарды. Оның айтуынша, көршісі мотоциклды алғанынан хабардар болған. Үйге шығардан бұрын ол екі бөтелке сыра ішіп, тізгінге отырған. Жанқожа батыр көшесінің бойында жолдың шетінде арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі адамды көрген, жақындап қалған уақытта мүгедек адам жолға шыға жөнелген. Галюга өз сөзінде болған оқиғадан есінен танып қалғанын айтады, есін жиған уақытта шашылып жатқан мотоцикл мен мәйітті көрген. Өз кезегінде көршісі сотта Галюгаға мотоциклді басқаруға рұқсат бермегенін айтады.

Қайтыс болған адам екінші топтағы мүгедек болған, сонымен қатар, оның үйсіз болғаны анықталған. Әлеуметтік қайта қалпына келтіру орталығының заңгері қайтыс болған адамның орталықта тіркелгенін және орынсыз мінез-құлықтары үшін ол жақтан шығарылғанын айтты.

Сот Денис Галюганы екі жыл алты айға қоныс колониясында жазасын өтеу үкімін шығарды. Ер адам көлік жүргізу құқығынан бес жылға айырылып, есірткіге тәуелділіктен күштеп емделуін міндеттеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети