Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанбаев қасқойлерден зардап шекті, - деп хабарлайды Павлодар-онлайн.
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанбаев қасқойлерден зардап шекті, - деп хабарлайды Павлодар-онлайн.
Көпқабатты үй тұрғындарының айтуынша, өткен аптада екі велосипед ұрланған. Екі велосипед те лифт алдында тұрған болатын. Қаскөйдің жалғыз болмағаны белгілі. Әкімнің орынбасары тұрып жатқан көпқабатты үйдің кіреберісінде күзет, жан-жағына камера қойылған. Дегенмен бұл ұрыларды тоқтата алмаған.
Дүйсенбай Тұрғановтың өзі әкімдіктің баспасөз қызметі арқылы ұрлық дерегін растады және полицияға арызданғанын да жеткізді. Ал аймақтық ІІД тергеу амалдары туралы ештеңе айтып бере алмады.