09 сәуір 2014 15:05

Үш адамды қаққан аудан әкімінің орынбасары жұмысынан кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абзал Бірәлиев. Сурет: uralskweek.kz Абзал Бірәлиев. Сурет: uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысында көлігімен үш адамды қағып кеткен аудан әкімінің орынбасары өз еркімен жұмысынан кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Теректі ауданы әкімшілігі аппараты жетекшісінің міндетін атқарушы Мансұр Төлегенов айтып берді.

"Өз еркімен жұмыстан кетемін деген арызы бойынша әкім орынбасары Абзал Бірәлиев жұмыстан қуылды. Кеше, 8 сәуір күні БАҚ өкілдерінде келтірілген деректер бойынша өзіне қатысты қызметтік тергеу жүргізілетінін білген соң, Бірәлиев өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазу туралы шешім қабылдады" - дейді аудан әкімі аппараты жетекшісінің міндетін атқарушы. Ал бұған дейін Бірәлиевтің "Нұр Отан" партиясының қатарынан шығарылғаны хабарланған болатын. 

Еске салайық, 6 сәуір күні сағат 21.00 шамасында Оралдағы сауналардың бірінің жанында Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бірәлиев Toyota Camry автокөлігімен үш адамды қағып кеткен болатын. Зардап шеккендер - баласы бар әйел мен бір жас қыз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети