19 маусым 2014 09:54

Үшінші қабаттан құлаған екі жасар бала аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті Владимир Дмитриев түсірген Суретті Владимир Дмитриев түсірген

Астанада үшінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен екі жасар бала аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада үшінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен екі жасар бала аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 18 маусым күні Астана қаласының Алматы ауданына қарасты Ақбұлақ-3 ықшамауданында орын алған. 2012 жылы туған бала байқаусызда үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Ол әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Осыған ұқсас оқиға сәуір айында Ақтөбеде орын алған еді. Жедел жәрдем қызметіне жатақхананың төртінші қабатынан бала құлап кеткені туралы телефон қоңырауы түскен. Баланың денесінде көзге көрінер қатты жарақат іздері болмағанмен, дәрігерлер баланы тексеруден өткізу үшін ауруханаға жеткізген. Тексеру нәтижесі баланың сүйегі сынбағанын, ішкі ағзаларына зақым келмегенін, қан құйылмағанын анықтаған.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети