Үштөбеде мектеп оқушысы өзінің сыныптасын пышақтады деп айыпталып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы Руслан Бақтаев хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс жасағаннан кейін оқушы өзіне қажетті анықтама алу үшін полицияға барған.

Оқиға 13 мамырда болды. Жергілікті мектептердің бірінде тоғызыншы сыныпта оқитын қыздың үйіне шамамен түскі сағат 15.00-де таныс қызы келген. Осы уақытта оқушы қыздың шешесі Алматыда болған. "Ол үйде бір сағат болды. Бұдан кейін қонаққа келген қыз қолындағы 19 мың теңге ақшасын санап, дүкенге азық-түлік алуға баратынын айтады. Осыдан кейін ол күдіктінің дүкенге бірге бару туралы ұсынысына қарсы болып, демалу үшін диванға жатады. Осы кезде оқушы қыз асханаға барып, пышақ әкеледі де, өз танысын пышақтайды", - деді Бақтаев.
Бұдан кейін, оның айтуынша, мектеп оқушысы ақшаны алып, есікті сыртынан жабады да, қашып кетеді. Пышақты ол қоғамдық дәретханаға тастаған. Осы кезде қансыраған қыз терезені сындырады. Оны көршілері көріп қалып, ауруханаға жеткізген. Ауруханада ол болған оқиғаны тәртіп сақшыларына айтып берді. Айта кетейік, жапа шеккен қыздың құрсақ қуысы, самайы, жағы, тамағы, мойыны пышақталды. Күдікті бұл уақытта полицияға барып, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекцияның есебінде жоқ екендігі жайлы анықтама алғысы келген. Ол құжатты алу кезінде ұсталды. Айта кетейік, мектеп оқушысынан бұл құжатты Семей тәртіп сақшылары талап етіпті. Бұл қалада күдіктіге қатысты "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Бақтаевтың айтуынша, оқушы қыз қылмысын мойындады. Одан үйдің кілті мен зардап шеккен қыздың ақшасы тәркіленді. Күдікті 15 мамырда қамауға алынды.