17 сәуір 2018 10:25

Vogue India журналының түсірілімінде қазақстандық модельдің үстіне сүт құйды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: instagram.com/denizaruz Сурет: instagram.com/denizaruz

Қазақстандық модель Дениз Нариман Vogue India сән журналы үшін фотосессия өткізді. 19 жастағы қыз Tengrinews.kz тілшісіне белгілі журналдың үндістандық нұсқасына қалай түскенін баяндап берді. 


Қазақстандық модель Дениз Нариман Vogue India сән журналы үшін фотосессия өткізді. 19 жастағы қыз Tengrinews.kz тілшісіне белгілі журналдың үндістандық нұсқасына қалай түскенін баяндап берді. 

Дениз журналдың "Сұлулық" айдарына түсті, ол бөлімде мамандар бет терісінің күтімі жайында жазған. 

"Үндістанда модельдік агенттікпен серіктестігім болды. Агент алда кастингке қатысатынымды хабарлағанда қуанышымда шек болмады. Қатты қобалжыдым. Команда өте кішіпейіл, сондықтан өзіме келіп, қорқыныш пен күйбелеңнен құтылдым. Сүтпен түсірілген кадр бойынша бір қызық болды. Мен үрмелі бассейнде тұрдым, сосын маған тырп етпе деді. Менің бетіме су құйды, артынша сүт шашты. Осыдан кейін бұрындары неге сүтті маска ретінде пайдаланғанын түсіндім", - дейді қыз. 


Vogue India журналынан

Оның айтуынша, көпшілік журналдың басты бетіндегі суретте Дениз деп ойлаған. Ал шын мәнінде ол Айшвария Рай еді. 

"Vogue журналының басты бетінде тұратын күнім алда деген үміттемін. Сән әлемінен алыстау адам түсінбейтін болар, бірақ, мені достарымның бірі шығарып салғанда "Дениз, Vogue журналына түспей оралма" деген. Содан бері менің жадымда қалды. Мен оған қолжеткізіп, Қазақстанға қайттым", - дейді Дениз. 

Модель өзі туралы айта отырып, Алматыда туып-өскенін де баян етті. 

"15 жасымда құрбыммен модельдер мектебіне бардық. Курстар аяқталғанде екеуміз де агенттіктермен келісімшарт жасастық. Бір айдан кейін Наталья Алавердян брендіне жұмыс істеп жүргенімде, Arkaim фестивалі аясында алғашқы көрсетілімім болды. Бұл өмірімдегі алғашқы кастинг еді. Қазір мен Гонконгте іссапардамын", - дейді ол. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети