12 мамыр 2015 09:43

Виктор Цойдың әкесінен қатерлі ісік табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Ria.ru @Ria.ru

Белгілі "Кино" тобының әншісі Виктор Цойдың әкесінен қатерлі ісік табылды, - деп хабарлайды "Росбалт" басылымы.


Белгілі "Кино" тобының әншісі Виктор Цойдың әкесінен қатерлі ісік табылды, - деп хабарлайды "Росбалт" басылымы.

Роберт Цой қазір Израильдегі ауруханалардың бірінде емделіп жатыр. Оның денесіндегі ісік алғашқы кезеңде. Роберттің еміне ірі сомадағы қаржы керек.

Басылымның мәліметінше, оның туыстары емге қажетті қаржыны жинау үшін арнайы қор ашты. Оларға қазір 5 мың доллар жетпей тұр. Бірнеше күннің ішінде 100 мың рубль жиналған. Виктор Цойдың туыстарының айтуынша, оларға "Кино" тобының табынушылары ғана көмектесіп жатыр.

Қордың ұйымдастырушысы Светлана Власова қалған қаржыны жинау үшін Петербург басшысы Георгий Полтавченкодан көмек сұрайтынын айтты. "Губернатор мен баспасөз қызметтеріне хабарласамын, ақшаны басқаша жинау мүмкін емес", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети