02 тамыз 2016 15:57

Ыстықкөлде болған жол апатынан қазақстандық азаматша қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vladitime.ru © vladitime.ru

Шолпан-Атада болған жол апатынан қазақстандық азаматша қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстандағы Қазақстан консулы Ерлан Әбішевке сілтеме жасап.


Шолпан-Атада болған жол апатынан қазақстандық азаматша қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстандағы Қазақстан консулы Ерлан Әбішевке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 31 шілдеде болған. ІІБ өкілдерінің мәліметінше, көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жыраға түсіп кеткен. Ал Ыстықкөлде демалып жатқан жолаушылар такси ұстап, Қаракөл жаққа қарай кеткен.

Көліктің ішінде үш қазақстандық азамат пен бір қырғызстандық азаматша болған. Олардың ішінде 71 жастағы ер адам мен оның 70 жастағы әйелі бар. Әйел алған жарақаттың салдарынан қаза тапқан. Ал ер адам мен тағы бір 43 жастағы қарағандылық жолаушы қазіргі уақытта Шолпан-Атадағы ауруханада жатыр. Олардың жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Айта кетейік, зардап шеккендердің туыстары болған төтенше жағдайдан хабары бар. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети