25 шілде 2016 12:55

Ыстықкөлде скутермен келе жатқан қазақстандық шомылып жатқан адамдарды соққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tokyo-print.ru © tokyo-print.ru

Ыстықкөлде скутермен келе жатқан қазақстандық шомылып жатқан адамдарды соққан. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан басылымы хабарлады.


Ыстықкөлде скутермен келе жатқан қазақстандық шомылып жатқан адамдарды соққан. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, 24 шілдеде скутермен келе жатқан ер адам "Алтын Жай" (бұрынғы "Рохат") пансионатының аумағындағы өзенде шомылып жатқан адамдарды басып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері 1951 жылғы әйелдің зардап шеккені туралы хабарлады. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, зардап шеккен әйел скутерді жүргізген 31 жастағы қазақстандық азаматтың үстінен арыз жазудан бас тартты.

Әйел ауруханаға барудан да бас тартты. Ол жеңіл жарақаттар алған. Сондай-ақ, Ыстықкөл ауданы әкімінің орынбасары Данир Иманалиевтың айтуынша, ер адам оқиға кезінде мас болған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта скутермен келе жатып, адамдарды соққан қазақстандық босатылды.

Басылымның мәліметінше, Қазақстан азаматы оның атына арыз түспегені үшін босатылды. Зардап шеккен Марипат Ташболотованың 1951 жылы дүниеге келгені және Ош облысы Ноқат ауданы Кулатов аулының тумасы екені анықталды. Ол сол уақытта отбасымен бірге демалған екен. Басылымның мәліметінше, ол өзенде шомылып жатқанда Алматы қаласының тұрғыны, 1987 жылғы Х. Рустам есімді азамат скутермен баса көктеп кірген.

"Зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетілді. Кейінірек дәрігерлер оны Шолпан-атадағы ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер оны тексерген соң, әйел "Алтын-Жай" пансионатына жіберілді. Демалушылардың денсаулығын дәрігерлер бақылап отыр", - деді Ыстықкөл ауданының әкімдігіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети