12 желтоқсан 2016 12:16

Із-түссіз жоғалып кеткен 28 жастағы павлодарлық асылып қалған күйі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pavon.kz © pavon.kz

Павлодарда із-түссіз жоғалып кеткен 28 жастағы жігіт асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда із-түссіз жоғалып кеткен 28 жастағы жігіт асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 жастағы Сергей Котобаевтың өлі табылғаны жайлы әлеуметтік желілерде жергілікті "Клуб добряков Павлодара" тобының еріктілері хабарлады. Жігіттің денесінің табылғаны жайлы мәліметті өңірлік полиция департаментіндегілер растады.

"Сергей Котобаев есімді павлодарлықтың денесі ешбір зорлық белгілерінсіз қараусыз қалған ғимараттан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт асылып қалу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің редакция жолдаған сауалына берген жауабында.

Қазіргі уақытта жігіттің неліктен мұндай қадамға барғаны анықталып жатыр. Еріктілердің айтуынша, жігіттің денесі асылған күйі ұзақ уақыт тұрған.

Еске сала кетейік, Сергей Котобаевты іздестіру жұмыстарына 2 айдан аса уақыт кеткен болатын. Қаза тапқан жігіттің туыстарының айтуынша, ол 30 қыркүйекте үйден кетіп, сол күйі оралмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети